СҚО-да «қос азаматтығы» бар 94 адам жазаланды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында биыл шетелдің азаматы бола тұра Қазақстан төлқұжатымен жүрген 94 адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО аумағында «қос азаматтықпен» жүргендердің қатары көбейген. Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нүсірбаевтың айтуынша, былтырғы жылдың 8 айында екі елдің төлқұжатымен жүрген 85 адам анықталса, биыл ұқсас кезеңде заңды бұзған 94 шетелдік анықталып отыр. Яғни 11 % -ға артқан. Олардың екеуі ел аумағынан шығарылса, 92 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

-Ақпан айында еліміздің бұрынғы азаматшасы мемлекеттік шекарадан өткен кезде Қазақстан Республикасы құжаттарын және төлқұжатын көрсеткен. Шекарашылар бұл фактіні тіркеп, материалды көші-қон қызметіне жіберді. Кейін іс сотқа жіберіліп, нәтижесінде әйелге 200 АЕК мөлшерінде – 612 мың 600 теңге көлемінде айыппұл салынды, — дейді Ермек Нүсірбаев.

Маманның айтуынша, «қос азаматтық» үшін елімізде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қазақстан құжаттарын заңсыз қолданғандар елден депортацияланады немесе 300 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz