Петропавлда 2017 жылдан бастап жеке сектордың 1,7 мыңнан астам ескі және апатты үй бұзылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев құрылыс компанияларына арналған инвестфорумда бағдарлама алгоритмін таныстырды.
— Жергілікті атқарушы органдар жүргізетін авариялық және ескірген тұрғын үйлерді түгендеу мен паспорттаудан кейін инвесторларды іріктеу жүзеге асырылады. Олардың жұмыс тәжірибесі, соңғы екі жылдағы қызметтерінің сапасы мен банктік кепілдікті қамтамасыз ете алатындығы алдын ала ескеріледі. Содан кейін инвестормен келісім жасалып, оған жер учаскесі мен жобалық құжаттама беріледі. Құрылыс аяқталғаннан кейін инвестор ескі үйлерді бұзу және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша шығындары үшін жергілікті атқарушы органдарға үлес ретінде пәтер береді, — деп хабарлады Серік Аблалиев.
Реновация бағдарламасы бойынша Петропавлдағы Қопай шағын ауданының құрылысы жоспарлануда. Мұнда барлығы 27 көпқабатты тұрғын үй салынады. Оның ішінде 647 пәтері бар 9 үй бюджет есебінен салынса, жөндеу бағдарламасы бойынша тағы 18 үй салу жоспарлануда. 411 және 188 пәтерлік екі пәтер бойынша жобалар әзірленді.