Ауыл шаруашылығы министрі, Премьер-Министрдің орынбасары — Қаржы министрі 2022 жылғы 22 тамызда «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малды, қой мен ешкіні тірідей шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, — делінген құжатта.
Осыған байланысты ауыл шаруашылығы министрлігіне қабылданған шаралардың қолданылғаны туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету тапсырылды. Бұйрық 2022 жылғы 6 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.