СҚО-да полицейлер 2 жасар қыздың терезеден құлауына қатысты тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
26 тамызда Қызылжар ауданының Бескөл ауылында екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен 2 жасар қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде.
Бала жоғары сынып оқитын әпкесімен бірге болғаны, терезеге тұтылған москит торын абайсызда басып қалып, оқыс оқиға орын алғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта қыздың жағдайы тұрақты. Аталған факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді.