СҚО-да 50-ден астам сүт фермасы салынады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да 2026 жылға дейін 52 ферма салынады. Бұл туралы республикалық малшаруашылығы слетінде аймақ басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазір облыста 22 заманауи ферма жұмыс істеп тұр. Ал олардың барлығы соңғы төрт жылда салынғанын айта кеткен жөн.

— 2026 жылға дейін барлығы 52 ферма салу жоспарланған. Біз сүт өндіру көлемін 1 млн. тоннаға дейін жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Биыл 12 мың сиырға арналған қуаты 58 мың тоннадан асатын 17 заманауи сүт -тауар кешені салынуда. Олардың сегізі жыл соңына дейін іске қосылады, — деді СҚО әкімі.

Облыс әкімінің айтуынша, фермалар ауылдарға жақын болғандықтан, бір кешенде 35-60 жергілікті тұрғын жұмыс істейді.

— 600 басқа арналған бір ферма 10 мың адамды сүтпен қамтамасыз ете алады. Соңғы үш жылда ұйымдастырылған шаруашылықтарда сүт өндіру 26% — ға өсті. Бұл сүт зауыттарын сапалы шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өңір еліміз бойынша барлық сүт өнімдерінің төрттен бір бөлігін өндіреді, — дейді Құмар Ақсақалов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz