1990-шы жылдардан бастап Қазақстанда қант қызылшасының егіс алқабы жеті есеге қысқарғанын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Қант қызылшасы алқабының 1990-шы жылдардағы 85 мың гектардан қазіргі 11,6 мың гектарға дейін төмендеуінің негізгі себебі – шағын тауар фермаларының болмауы, импорттық тұқымдардың қымбаттығы, фермерлердің техникалық жарақтандырылуының төмендігі және ауыз сумен жабдықтау проблемаларының шешілмеу, — деді Әбілқайыр Тамабек.
Сонымен қатар, ол басқа дақылдарды өсірудің тиімділігі қант қызылшасына қарағанда бірнеше есе жоғары екенін атап өтті.