СҚО-да қыркүйек жылы болады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да күздің алғашқы айы жылы болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК филиалының ақпараты бойынша, бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде 5-10 — нан 10-15 градусқа дейін, күндіз 15-20-дан 20-25 градусқа дейін ауытқуы мүмкін.

Екінші онкүндіктің басында ауа температурасының түнде плюс 1-6 градусқа дейін төмендеп, қатқақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде күндіз 11-16 градус жылы болады. Бұдан кейін ауа температурасы біртіндеп түнде 4-9 градусқа дейін, күндіз-16-21 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.Үшінші онкүндікте түнде минус 1-6 градусқа дейін, күндіз – 11-16 градусқа дейін суытады. Аталған онкүндіктің соңы жылы күндерге ұласып, түнде 0-5 градус, күндіз – 16-21 градус нөлден жоғары болады деп күтілуде. Жалпы бір айдағы орташа ауа температурасы 11-12 градус аралығында болады.

Жауын – шашын мөлшері облыстың көп бөлігінде нормадан аз болса, облыстың солтүстік-шығысында қалыпты нормаға жуық болады. Жаңбыр бірінші онкүндіктің ортасында, екінші онкүндіктің басында, үшінші онкүндіктің басында және ортасында күтіледі. Найзағай-бірінші онкүндіктің ортасында, айдың басында және ортасында болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz