Петропавлда «Qyzyljar-2022» жартылай марафоны өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда облыс тұрғындары мен Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларынан келген спортшылардың қатысуымен 5, 10 және 21 шақырымға жүгіруден жарыс өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

200-ден астам адамның басын қосқан бұл додаға әр түрлі жастағы спортшылар қатысты. Қатысушылар ерлер мен әйелдер арасында алты жас санатына бөлініп, абсолютті біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында Нұр-Сұлтан қаласынан келген Гүлнұр Елемесова 1 сағат 30 минут 45 секундта 21 шақырымды жүгіріп өтіп «Qyzyljar-2022» жартылай марафонының жеңімпазы атанса, 1 сағат 33 минут 9 секундта келген Әсем Назырова екінші орын, 1 сағат 38 минут 50 секундта келген Светлана Жукенова үшінші орынды иеленді. Аталған соңғы екі спортшы Петропавл қаласының тұрғындары екенін айта кеткен жөн.

Ерлер арасында жартылай марафонды Қызылжар ауданынан Вадим Левченко үздік атанса, екінші болып елорда тұрғыны Әкім Еркебай келді. Ал, үшінші орын петропавлдық Никита Изотовқа бұйырды.
Абсолютті біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталар, медальдар және ақшалай жүлделерге ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz