Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында 24-26 тамыз аралығында профессорлық-оқытушылық құрамы және оқу бөлімшелерінің командирлерінің қатысуымен оқу-әдістемелік жиындар өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жиынды ашқан академия бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полковник Александр Корнилов Ұлттық ұланның болашағы оқыту процесіне оқытушылардың қосқан үлесіне байланысты екенін айтты. Сондай-ақ ол академияның профессорлық-оқытушылық құрамының алдында тұрған Ұлттық ұлан үшін мамандарды даярлау сапасын арттыру жөніндегі міндеттерді атап өтті.
Аталған оқу жиынын өткізу нәтижесінде жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеуге, курсанттарды оқытудың неғұрлым перспективалы нысандары мен әдістерін енгізу тәртібі әзірленді.
Оқу-әдістемелік жиын барысында ғылыми кеңес отырысы да өтті. Онда екінші жартыжылдыққа міндеттер қойылып, арнайы әскери жиынды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқан әскери қызметшілерге академия бастығының кейбір құқықтары берілді.