ҚазМұнайГаз басқармасының төрағасы мен Энергетика вице-министріне сөгіс жарияланды

Авторы: Qyzyljar News

Еліміздің барлық өңірін дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған Комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Комиссия елімізде маңызды орын алып отырған жанармайдың жетіспеушілігіне әсер еткен факторларды анықтады. Негізгі себептердің бірі отын тұтынудың айтарлықтай өсуі болып отыр, бірінші кезекте шетелдік транзиттік көлік отынды көп тұтынады. Екінші себеп – бағаның айтарлықтай айырмашылығына байланысты Қазақстаннан көршілес елдерге дизель отынының жіберілуі.

Отандық мұнай базалары дизель отынын бөлшек сауда құнынан жоғары бағамен сатқан, бұл өңірлерде отын сату көлемінің қысқаруына әкеп соқты. Өйткені оны сатып алу жанармай бекеттері үшін тиімсіз болып табылады.
Бұдан басқа, «ҚазМұнайГаз», «Petrosun» компанияларында маркетинг және логистика бойынша жүйелі кемшіліктер мен олқылықтар анықталды.

Уақытылы шаралар қабылдамағаны үшін «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы М.Мырзағалиев пен Энергетика вице-министрі А. Мағауовқа қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, Энергетика министрлігі мен Қазмұнайгаздың бірқатар жауапты қызметкерлеріне тәртіптік жазалау шаралары қабылданып, еңбек қатынастары бұзылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz