28 тамызда Петропавл қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне кәмелетке толмаған баланың өзіне қол салғаны туралы хабарлама келіп түсті деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
-Қазіргі уақытта істің мән — жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады, — деп хабарлады Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.