СҚО-да партиялық бақылау бекеттері ашылды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында «AMANAT» 40 партиялық бақылау бекетін ашты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі

Бірінші кезекте, партиялық бақылау бекеттері проблемалық әлеуметтік нысандарда ашылды. Құрылыс, жөндеу сапасына және бөлінген қаражаттың игерілуіне мониторингті мәслихат депутаттары, партиялық бақылау комиссияларының өкілдері және қоғам өкілдері жүзеге асырады.

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында атап өтілгендей, партиялық бақылау бекеттері құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімдерін, қаражатты тиімді жұмсауды, еңбек жағдайларын сақтауды және жұмысшыларға жалақыны уақтылы беруді тиімдірек бақылауға мүмкіндік береді.

-Барлық жобалар «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бекеттер Петропавлда және облыстың әр ауданында ашылды. Міндет – жобаны іске асыру кестесінен қалып қоймауға жол бермеу. Әрбір нысанында техникалық паспорттың жанында партиядан жауапты адамның байланыс деректері бар арнайы тақтайшалар орнатылған. Осы нөмірлер бойынша шағым немесе ұсыныс қалдыра аласыз, — деді «AMANAT» партиясы СҚОФ партиялық бақылау жөніндегі инспекторы Рүстем Әлібеков.

Ел бойынша барлығы «AMANAT» 114 бекет ашылды. Алдағы уақытта партия 400-ден астам партиялық бақылау бекетінің жұмысын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz