СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы арзандатылған дизель отынына тең бөлуді қамтамасыз етпеген

Авторы: Qyzyljar News

СҚО бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жіберді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Монополияға қарсы ведомствоның ақпараты бойынша, басқарма нарық субъектілеріне арзандатылған дизель отынына тең қолжетімділікті қамтамасыз етпей, нарықтың жекелеген субъектілеріне жеңілдіктер берген.
Хабарламаға сәйкес, бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілерін жою және болдырмау бойынша шаралар қабылдау, арзандатылған дизель отыны операторларының санаттарын айқындау мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу және нарық субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.

Хабарламаны орындау мерзімі алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайды. Олай болмаған жағдайда бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті тергеу тағайындауы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz