5 жыл ішінде СҚО-дан 30 мың адам көшіп кеткен

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Tengrinews.kz тілшілеріне сұхбат берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі

Толғандыратын мәселелердің бірі-халықтың өңірден кетуі. Тек 5 жылдың ішінде облыс тұрғындарының саны 30 мыңға азайған. Петропавлда да жыл басынан бері алғаш рет халықтың кетуі байқалады.

— Біз қаланы тартымды етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуымыз керек. Аймақ елдегі ірі жер қойнауын пайдаланушылары жоқ жалғыз өңір болғандықтан ауыл шаруашылығының әлеуетін белсенді пайдалану керек екені түсінікті. Яғни, ауылдағы адамдарды жұмыспен қамту үшін бар күш жігерімізді жұмсауымыз керек. Бүгінгі таңда халықтың көбі Ресей федерациясына ағылуда. Адамдар осында орнығуы үшін көптеген өндіріс орындарын ашудамыз. Мектеп түлектеріне гранттар санын көбейту үшін білім министрлігімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасадық. Соның нәтижесінде алыс шетелге оқуға кететін мектеп түлектерінің кетуін екі есеге азайттық. Оған қоса, жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аудару бағдарламасы жұмыс істейді. Аталған бағдарлама жұмыс істеген уақытта бізге 11 мыңнан астам адам көшіп келді,- деді аймақ басшысы

Ашық көздерден алынған сурет

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz