СҚО-да депутат көпбалалы отбасына үй сатып әперді

Авторы: Qyzyljar News

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты Руслан Асхабов Пресноредуть ауылында тұратын көпбалалы отбасына 2,5 млн теңгеге жаңа үй сыйлады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жеті баланың ата-анасы Николай мен Елена Кизимовтар бірнеше жыл бойы жергілікті «Асхабов Р.Ж.» шаруа қожалығында еңбек етеді. Ауылдастары мен шаруашылық жетекшісі Руслан Асхабовтың айтуынша, таңнан кешке дейін Кизимовтар отбасы ауыл шаруашылығы өндірісін өркендетуге көмектесіп келеді. Николай – механизатор болса, әйелі Елена қоймада жұмыс істейді. Табыстың көп бөлігі 4 баланы асырауға жұмсалады екен. Бұл — отбасылық бюджетке айтарлықтай салмақ екені сөзсіз.

Бұрын тоғыз адамнан тұратын отбасы ескі үйді паналап келген болатын. Жаңасын сатып алуға қаражаттары жетпеген. Жұмысшыларының қиындығын көрген шаруа қожалығының басшысы, «AMANAT» партиясынан аудандық мәслихат депутаты Руслан Асхабов қажырлы еңбегі үшін отбасына 2,5 миллион теңге тұратын жаңа үй сыйлаған.

-Жаңа оқу жылы мен Конституция күні қарсаңында сыйлық алғанымызға қуаныштымыз. Руслан Асхабовқа өте ризамыз. Жаңа жағдайда туған ауылымыздың гүлденуі үшін бұдан әрі де еңбектенеміз, — деп атап өтті Николай Кизимов.

Руслан Асхабов Жамбыл ауданындағы қайырымды жандардың бірі. Меценат көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер және өзінің шаруа қожалығында жұмыс істейтін қызметкерлерді қамқорлығына алған. Олар кез-келген уақытта депутатқа өз мәселесімен жүгіне алады. Шаруа қожалығының басшысы Пресноредуть ауылдық округін көркейтуге ат салысып жүр. Биыл шаруа қожалығының қаржысына ауыл мектебі күрделі жөндеуден өткенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар Руслан Асхабов оқушыларға қажетті техника сатып әперген.

Ашық көздерден алынған сурет

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz