Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа экономикалық бағыттың басымдықтарын атады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Біздің экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты өзгеріссіз қалады — азаматтарымыздың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуі, -деп атап өтті Президент.
Осы орайда Мемлекет басшысы жаңа экономикалық бағыттың басымдықтарын атады.
Олар: Жеке кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру, яғни мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуынан кету;
Бәсекелестікті дамыту, баршаға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
Ұлттық табысты әділ бөлу.
Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған.
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі