Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр. Отырыс барысында Президент Үкіметке индустрия және жер қойнауын игеру салаларына қатысты біркатар тапсырма берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Үкіметке индустрия және жер қойнауын игеру салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырамын. Былтыр менің тапсырмам бойынша барлық арнайы экономикалық аймақтың тиімділігі бағаланды. Соның нәтижесінде түйткілді тұстарды анықтап, тың тәсілдерді ойластырдық. Енді арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үшін мүлде басқа саясатқа көшкен жөн. Қазіргі таңда шетел компаниялары Қазақстанға көше бастады. Сондықтан, бұл мәселе тіпті өзекті болып отыр, деді Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында.
Президент «Самұрық-Қазына» қорының басқа активтері мен акциялары, оның ішінде «Халықтық IPO» тетігі арқылы жекешелендірілетінін мәлімдеді.
-Самұрық-Қазына» қоры экономиканың негізгі секторларын бақылау үшін жеткілікті мажоритарлық пакетке ие инвесторға айналуда. Қор бірлескен инвестор ретінде жеке инвесторлар жүзеге асыра алмайтын аса маңызды жобаларға ғана қатысатын болады. Мұндай жобаларды Президент анықтайды-, деді Мемлекет басшысы.
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі