Қазақстанда 7,5 млн. тонна астық жиналды

Авторы: Qyzyljar News

Орақ науқаны басталғаннан бері қазақстандық диқандар 6,1 млн. гектардан 12,3 ц/га орташа өнімділікпен 7,5 млн. тонна астық бастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сілтеме жасай отырып.

Биылғы жылы өнімділіктің өсуіне қолайлы ауа-райы жағдайлары, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстары кезінде агротехникалық шаралар кешенін уақтылы жүргізу және өсімдіктердің өсіп-өну кезеңінде қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету ықпал еткен. Аталған мәліметке сүйенсек, биылғы астық көлемі өткен жылғы көрсеткіштерден 2,5 млн. тоннаға артық.

Ведомствоның болжамы бойынша, ішкі тұтынуды ескере отырып, қазақстандық нарықты қамтамасыз ету және бидайдың бір бөлігін экспортқа жөнелту үшін астық жеткілікті болады. Орақ науқанын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.

Айта кетейік, 2022 жылы бюджеттен несие 140 млрд. теңге несие берілді, бұл 2021 жылғы деңгейден екі есе жоғары. Астықты форвардтық сатып алу шеңберінде қаржыландыру 100 млрд. теңгеге дейін немесе бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,5 есе артық.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz