СҚО-да жұмыс берушілер медициналық сақтандыруға 31 млн. теңгеден астам қарыз

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін жарна төлемегенінің салдарынан сақтандырылмаған адамдар саны көбейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының мәліметінше, төлемдер бойынша қарыз 31,3 млн. теңгені құрады. Бұл ретте оның 60% — ы Ғ. Мүсірепов және Тайынша аудандарына тиесілі.

— Аймақтың 97 607 тұрғыны сақтандырылмаған, бұл жалпы халықтың 18,3% құрайды. Жас санатын талдау кезінде олардың басым бөлігінің еңбекке қабілетті жасы — 30-40 жас (32%) және 41-50 жас (25%) екені анықталды, — деді филиал директоры Лариса Гордеева.

Айта кету керек, бірінші жартыжылдықта Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін қорға 6,8 млрд. теңге түсті. 2017 жылдан бастап 2022 жылдың маусымына дейін аударымдар мен жарналардың жалпы сомасы 28,4 млрд. теңгені немесе ел бойынша түсімдердің 2,4%-ын құрады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz