Биыл Петропавлда 3000 бала мектеп табалдырығын алғаш аттады

Авторы: Qyzyljar News

Облыс орталығының мектептерінде 2022-2023 оқу жылы басталып, дәстүрлі түрде салтанатты жиындар мен алғашқы сабақтар өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кеше ғана балабақша тәрбиеленушілерінің қамқорлығында болған бүлдіршіндер бүгінде мектеп табалдырығын аттады. Қала мектептеріне алғаш рет бірінші сыныпқа 3 000-нан астам бала барып, оқу жылының басталуымен қала әкімі құттықтады.

— Баршаңызды Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн жаңа жобалар мен ізденістердің, жаңа идеялардың бастауы. Жаңа оқу маусымы білім беру сапасын арттыруға үлкен міндеттер жүктеліп, алға қойылған міндет нақты іске айналатын кезең. Еліміздің дамуына үлес қосатын саналы ұрпақтың зердесіне білім мен тәрбие алауын жағатын уақыт,-деді Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев.

Айта кетейік, жаңа оқу жылы облыс оқушылары үшін ерекше болмақ. Оқу жылының ұзақтығы 36 аптаға созылып — 1 қыркүйектен 31 мамырға дейін болады. Ал бірінші сынып оқушылары үшін-қосымша демалыс есебінен оқу жылы 35 аптаға жалғасады. Жазғы демалыстың ұзақтығы 3 айды құрап, 1 маусымнан 31 тамызға дейін болады.

Айта кетейік, СҚО-да бірінші сыныпқа 7,5 мың бала барды.

Фото Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz