СҚО-да Қазақстан Ұлттық ұланының әскери қызметшісі пара алудан бас тартқаны үшін марапатталды

Авторы: Qyzyljar News

26 тамызда Петропавлда Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің аумағында салтанатты іс-шара өтті, онда әскери борышқа адал қызмет еткені үшін қатардағы жауынгер, екінші атқыштар ротасының әскери қызметшісі Павел Рейль марапатталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Маман бақылаушыға адалдығы үшін Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Тайымбетов пен Петропавл гарнизонының әскери прокуроры Айдос Рысқұловтың алғыс хаттары салтанатты түрде табыс етті.

— Биыл 25 наурызда түзеу мекемесінде арнайы қызмет атқару кезінде сотталғандардың бірі Павелге пара ұсынған, сол арқылы күзетілетін объектіге ұялы телефон мен есірткі заттарын кіргізгісі келді. Бірақ әскери қызметші бұл туралы бөлім басшылығына және СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке дереу баяндады. Бұдан кейін тыйым салынған заттарды беру кезінде сотталғандардың бірін жедел қызмет қызметкерлері ұстады, — деп хабарлады Ұлттық Ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жақын арада қатардағы жауынгер Павел Рейлге мемлекет атынан сыйлық табыс етіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz