СҚО-да әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны көтергендер жауапкершілікке тартылады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО сауда департаментінің қызметкерлері қаланың сауда нысандарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Түсіндіру жұмыстары барысында сауда объектілерінің иелеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің 15% — дан асуына жол бермеу мақсатында жадынамалар таратылды.

— Қазақстан Республикасы «Сауда қызметін реттеу туралы» заңының 9-бабына сәйкес бірқатар жауапкершіліктер көзделген. Оның ішінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабына сәйкес — ішкі сауда субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін асырылған жағдайда ескерту салынса, бір жыл ішінде қайталап асырып жібергені үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 10 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-75 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, — дейді департамент өкілдері.

Ашық көздерден алынған сурет

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz