СҚО-дағы көпқабатты үйлер өзін-өзі басқару жүйесіне көшті

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

«Ашық сағат алаңы» жобасы аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаевтың төрағалығымен қоғам белсенділері, өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта кездесу өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу аясында тұрғын үй реформасын іске асырудың проблемалық мәселелерін талқылады.
Вице-министр Мемлекет басшысының Жолдауы аясында аталған реформаны сапалы және уақытылы жүзеге асыру, көппәтерлі тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жаңарту мәселелерінің өзектілігі одан әрі арта түскенін атап өтті.

Айта кетерлігі, өңірлерде пәтер иелері бірлестіктері мен қарапайым серіктестіктерді басқарудың жаңа нысандарына көшу бойынша жақсы көрсеткіштер бар. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 46 522 көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа нысандарына көшуге жатады және 42 мыңнан астамы жаңа нысанға көшкен. Оның ішінде, 5 мыңға жуығы ОСИ, 37 634 – қарапайым серіктестік нысанына.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сонымен бірге Шымкент қаласында басқарудың жаңа нысандарына көшу толығымен аяқталды.

Ашық көздерден алынған сурет

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz