Синоптиктер 2022 жылдың 6-8 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, 6 қыркүйекте Маңғыстау облысында, 7 қыркүйекте СҚО-да найзағай ойнап, қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
— Елдің солтүстік бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтілуде. Түнде сынап бағанасы — 5 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде қалыпты, +13°C, күндіз +15 дейін…-23°C жылы болады. Ал оңтүстік бөлігінде түнде + 10 — + 23°C, күндіз +20 — + 35°C болады, — дейді синоптиктер.