СҚО полицейлері интернет дүкеннің қызметін тоқтатты

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

СҚО полицейлері діни заттарды сатқан тіркелмеген интернет-дүкеннің қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шілде және тамыз айларында «Жаңа жол» шекара бекетінде полицейлер мен шекарашылар Қазақстан Респуликасы аумағына тыйым салынған әдебиеттерді алып өту әрекеттерінің жолын кесті. Қазақстанға келген Ресей Федерациясы азаматтарынан діни мазмұндағы кітаптар тәркіленді. Сот шешімдерімен олар экстремистік материалдар деп танылып, ел аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған.

Сонымен қатар, тамыз айында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында діни заттарды сататын «интернет-дүкен» анықталды. Сот шешімімен оған Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы бойынша 35 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

-Діни материалдарды тарату үшін жергілікті атқарушы органнан тиісті қаулы қажет. Қаулыны «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік қызметі бойынша қағаз және электрондық форматта алуға болады. Ол үшін қызмет алушыларға СҚО әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасына жүгіну қажет, — дейді СҚО Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.

Жыл басынан бері облыста діни заңнама саласында 18 құқық бұзушылық анықталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz