Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өседі

Авторы: Qyzyljar News

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақыны тағы он мыңға теңгеге көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді. Ол еңбекақының мөлшерін кезең кезеңмен ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мен ең төменгі жалақыны 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 млн азаматтың табысына тікелей әсер етеді, — деді президент Қазақстан халқына Жолдауында.

Ол зейнетақы жүйесіне де өзгерістер қажет екенін айтты. Зейнетақының ең төменгі базалық ставкасы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-іне дейін, ал ең жоғары ставка 120%-ке дейін жеткізіледі. Тоқаевтың айтуынша, бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай зейнетақының жалпы мөлшерін орташа есеппен 27%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ашық көздерден алынған сурет

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz