Петропавлда орташа жалақы — 232 105 теңге

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қалалық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте экономиканың нақты секторындағы жалақыны көтеру және барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардағы   берешекті өтеу мәселесі қаралды.  Ресми деректер бойынша 2019 жылдан   2022 жылға дейін орташа жалақы 65,3% — ға артып, 232 105 теңгеге жетті, деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz  тілшісі.

Қазіргі таңда  қала бойынша 19173 кәсіпорын тіркелген.    Олардың    31- ірі, 98-і  орта және   5390 шағын кәсіпорын болса,    13 654 жеке кәсіпкер бар.

Петропавл бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша орташа жалақы өскен.

Мысалы, «көлік және қоймалау» саласында орта есеппен 17,8% — ға немесе 48 614 мың теңгеге көтеріліп,   322 054 теңгені құрады.

«Ақпарат және байланыс» саласында өсім 17,8% немесе 43 773 теңгені құрады, яғни жалақы 289 750 теңгені құрады.

«Өнеркәсіп» саласында жалақы 20,6% — ға немесе 32 359 теңгеге өсіп, 189 106 теңгені құрады.

«Сауда» саласында-18,9% немесе 24 187 теңгеге өскен, жалақы 151 967 теңгені құрады.

«Құрылыс» саласында жалақы 6,8% — ға өсіп,  орташа жалақы 206 351 теңгені құрады.

«Жылжымайтын мүлікпен операциялар» саласында өсім 33,9% немесе 27 726 теңгені құрады, яғни орташа жалақы 109 399 теңгені құрайды.

Білім беру саласында жалақы 197 173 теңгеден 236 210 теңгеге дейін,   денсаулық сақтау саласында 248 785 теңгеден 257 334 теңгеге дейін   өсті.

 — Орташа айлық жалақы туралы деректер кәсіпорындардың тоқсан сайынғы статистикалық есебі негізінде әзірленді.  Орташа жалақы  қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, сондай — ақ салықтар мен басқа да ұстап қалулар ескеріле отырып қалыптастырылады, — деді   экономика және қаржы бөлімінің басшысы Марат Ерханов.

Фото: Талғат Тәнібаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz