Петропавлда бұған дейін бірнеше рет істі болған 34 және 25 жастағы Көкшетау қаласының екі тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Үстіміздегі жылдың 4 ақпан күні қылмыскерлер Сәтпаев көшесіндегі үйден 600 мыңнан астам теңгенің заттарын ұрлап кеткен. Үйлерге қоңырау шалып, иесі жоқ кездерін аңдып отырған. Осылайша бірнеше петропавлдықты сан соқтырып кеткен. Жазда қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Жасұлан Балдиков Бөкетов көшесіндегі үй кіреберісінде бұған дейін іздестіруде жүрген қылмыскерлерді бірден танып, арам пиғылдарын іске асырмақшы болғандар туралы бірден әріптестеріне хабарлаған.
— Қылмыскерлер бірнеше пәтерде жасаған ұрлықтары үшін және билік өкіліне күш көрсеткені үшін сот әрқайсын 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Олардан бұған дейінгі Сәтпаев көшесіндегі үйден ұрланған құнды заттар тәркіленді, — деді Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Әлнұр Ахмедьяров.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі