СҚО-да 70-тен астам бала апаттық мектепте оқып жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында  мектеп оқушылары жаңа оқу жылын апатты жағдайдағы ғимаратта бастады. Мектеп Ақжар ауданына қарасты Кіші Қараой ауылында орналасқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыста одан бөлек тағы екі мектеп апатты жағдайда тұр, олар Тайынша аудынында орналасқан. Кіші Қараой ауылындағы мектепте қазір 70-тен астам оқушы білім алып жатыр. Үш қабатты ғимарат 1978 жылы пайдалануға берілген. Алайда сол уақыттан бері білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Мектеп 400 балаға арналған, алайда қазір ғимараттың  тең жартысы қаңырап бос тұр. Төбесінен су ағып, қабырғасы сыз тартып, көгеріп кеткен. Ауыл тұрғындары мектептің күйін айтып былтыр шағымданды. Алайда сол уақыттан бері ештеңе өзгермеді. Қазір балалар осы мектепте оқып жатыр.Жергілікті билік бұл мәселені біледі, алайда жөндеу жұмыстарын бастауға қаржы жоқ дейді.

-Қазір жобалық-сметалық құжат әзірленді. Күнделі жөндеу жұмыстарына 250 миллион теңге қажет. Жоспар бойынша Кіші Қараой ауылындағы білім ошағы қайта қалпына келтіріледі. Оған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша ақша бөлу көзделген. Бұл нысан әбден ескірген. Сондықтан ол кешенді жөндеуді қажет етеді, — дейді Ақжар аудандық білім бөлімінің жетекшісі Қайрат Садуов.

Айта кетейік, биыл өңірде 27 білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған 2,4 миллирд теңге бөлінді. Алайда әлі де жүздеген мектеп ғимаратын жаңарту қажет.

Тайынша ауданында да  бірнеше мектеп ресми түрде апатты деп танылған. Екі мектептің орнына жаңа мектептің құрылысы басталды. Бірі желтоқсанда қолданысқа беріледі. Бұған дейін Оқу-ағарту министрі республика бойынша апатты жағдайдағы 33 мектеп бар екенін айтты.

-Биыл республика бойынша 7 600-ден астам мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 30-ға жуық мектеп апатты жағдайда тұр. Мұндай мектептерді алмастырып, жаңа мектеп салу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Алдыңғы жылы 270 мектеп салынса, биыл 260-қа жуық мектептің құрылысын аяқтаймыз. 2025 жылға дейін мың мектеп салу мақсаты тұр. Сол арқылы 3 ауысымдағы, апатты жағдайдағы мектептер мәселесі шешіледі, — деді   Асхат Аймағамбетов.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz