ІІМ қоғамдық кеңесінің төрағасы солтүстікқазақстандық полицияның жұмысымен танысты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазақстан Республикасы  ІІМ қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахым Ошақбаев Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің және қалалық полицияның басшылығымен, жеке құрамымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Халықпен өзара іс-қимылға, жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметіне, есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысқа және басқа да қызметке қатысты сұрақтар қаралып, талқыланды. Кездесуге облыстық полиция департаментінің бастығы    Айдын Қабдұлдинов,    СҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Жарасбай Сүлейменов, полиция департаменті  жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшелері және «Азаматтық альянс» өкілдері  қатысты.

Рахым Ошақбаев полицейлерге ел көлемінде полиция жұмысы саласында қоғам белсенділерінің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады. Басқа өңірлердің мысалында полиция жұмысының сервистік моделін енгізу тәжірибесі туралы айтып, нашақорлықтың алдын алуды күшейту жөніндегі бағыттарды атап өтті, сондай-ақ халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін қазіргі заманғы полицейлердің жұмысында туындайтын проблемалық сәттермен бөлісуді ұсынды.

Солтүстікқазақстандық полицейлер ұсыныстармен бөлісіп, ІІМ қоғамдық кеңесінің төрағасына сұрақтар қою мүмкіндігін белсенді пайдаланды. Полицей мамандығының имиджін көтеру, жеңілдіктермен қамтамасыз ету қажеттілігі айтылды,  сондай-ақ әлеуметтік салаға қатысты басқа да мәселелер көтерілді.  Рахым Сәкенұлы әрбір мәселені мұқият тыңдап, оларды назардан тыс қалдырмауға   уәде берді.

Жеке құраммен кездесуден кейін Рахым Ошақбаев қызметтік тұрғын үймен біріктірілген № 4 учаскелік полиция пункті кеңсесінің ғимаратында болып, Александр Винокуров атындағы спорт сарайының жанында орналасқан стационарлық полиция бекетінің жұмысымен танысты.  Сондай-ақ, ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы СҚО Полиция департаментінің музейіне   барып, өңір полициясының тарихымен танысты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz