СҚО-да «Трамадол» сатқан әйел адам ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері «Трамадол» сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі

5 қыркүйектен бастап СҚО полицейлері «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Оның аясында есірткі қылмысына қарсы күрес күшейеді.Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күні Петропавлда таратылуы шектелген «Трамадол» дәрілік препаратын заңсыз сату фактісі анықталды. Аталған препаратты бұрын істі болған есірткіге тәуелді 34 жастағы әйел сатып келген. Оның үйінен тиым салынған дәрінің 160 таблеткасы мен 57 капсуласы алынды.

– Аталған дәріні ол медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істейтін дәрігерден алғаны анықталды, ал ол дәрілерді емделушінің рецептісі бойынша алғаны белгілі болды. Бұл фактілер бойынша материалдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 424-бабы «Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет» бойынша әкімшілік сотқа тапсырылды, -дейді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

Айта кету керек, «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы 9 қыркүйекке дейін жалғасады.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz