Қазақстан бойынша ең арзан көмір СҚО-да

Авторы: Qyzyljar News

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев биыл көмір қаншаға сатылып жатқанын айтты, хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, биыл көмір кеніштері бағаны былтырғы деңгейде ұстап тұр. Мысалы Шұбаркөл өнімі былтырғыдан арзан.

-Былтыр 6 264 теңге болса, биыл 6 160 теңгеден сатып жатыр. Қалғандары өткен жылғы бағаны ұстап тұр. Қазақстан темір жолымен де келістік. Олар да тарифті өсірмейтін болды. Ең төмен баға Солтүстік Қазақстан облысында, бір тоннасы 14,5 мың теңге болса, Батыс Қазақстанда 21 600 теңгеге дейін жеткен. Ақмола облысындағы Атбасарда «Қаражыра» көмірі 14,5 мың теңге, «Шұбаркөл» көмірі 15 мың теңге, Степногорскте «Шұбаркөл» көмірі 22 мың теңге, ал ең шалғай ауылда 25 мың теңгеге дейін барады, — деді Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында.

Қазір ауылдарға көмірді қолжетімді бағамен жеткізу үшін әкімдіктермен және жүк тасу компанияларымен жұмыс жүргізіліп жатыр. 2022-2023 жылдарға коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік пен халық үшін көмірдің қажеттілік жоспары әзірленді. Осы жоспарға сәйкес тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн. тоннаны құрайды.

-Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 2,6 млн. тонна, тұрғындарға – 7 млн. тонна. 3 қыркүйектегі жағдай бойынша, қажеттіліктің жылдық жоспарына қатысты (2022 жылғы 1 мамырдан 2023 жылғы сәуірге дейін) коммуналдық-тұрмыстық сектор – 49,9%, тұрғындар – 30,9% көмір қорымен қамтамасыз етілді. Разрездерде көмір жеткілікті, өндіру жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр, разрездердегі көмірдің бағасы өткен жылғы деңгейде, — деді Қайырбек Өскенбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz