СҚО-ға Республикалық кәсіподақтар федерациясының төрағасы келді

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Республикалық кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин СҚО-дағы бірқатар өндіріс орындарын аралады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бірінші аялдаған нысаны – Қызылжар ауданында орналасқан «Молсервис» ЖШС болды. Мұнда 110 адам еңбек етеді, орташа айлық 170 мың теңгені құрайды, сүт өнімдерінің 13 түрі шығарылады. Күніне 25 тоннаға жуық өнім дайындалады. Солтүстік Қазақстан облысымен қатар Рудный, Теміртау, Көкшетау қалаларын қамтамасыз етеді. Сүт цехының бастығы Елена Хуторная өнімдер түрлі дәрумендермен байытылатынын, мәселен «Настасьяның» құрамына қосылатын акванез қоспасы адам ағзасына өте пайдалы екенін жеткізді. Йодказеин қосылған сүт пен айранға да сұраныс жоғары. Өнімдердің бүл түрлері адам ағзасындағы йод мөлшерін қалыпқа келтіреді.

Сатыбалды Дәулеталин кәсіпорын ұжымына жоғары нәтижелерге жете беруіне тілектестік білдірді. Кейін Бескөл кентіндегі «Парасат» мектебінде мұғалімдердің, оқушылардың жағдайымен, білім беру сапасымен танысты. «Основание» ЖШС-да, Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде еңбек ұжымдарымен кездесіп, жуырда жарияланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан туындайтын міндеттер мен жүзеге асырылатын мақсаттар туралы баяндады.

Кәсіподақтар федерациясы төрағасының келесі күнгі жұмыс сапары Киров атындағы зауытта, «Абылай хан резиденциясы» музей-кешенінде жалғасты. Бұдан кейін қалалық демалыс және мәдениет саябағына келіп, ардагерлер аллеясына ағаш отырғызу рәсіміне, сондай-ақ республикалық кәсіподақтар федерациясы жергілікті құрылымына қарасты заң клиникасының тұсаукесер салтанатына қатысты. Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының белсенділерімен жүздесіп, жеке өтініштер бойынша бір топ азаматты қабылдады.

Сатыбалды Дәулеталин облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия отырысына қатысып, бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты. Федерация төрағасы жұмыс сапарының соңында облыстық кәсіподақтар орталығы үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz