СҚО-да 7 бұзау жүк көлігінің астында қалды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да тас жолда 7 бұзау жүк көлігінің астында қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі

Жол апаты «Челябі-Новосібір» автожолының 568 шақырымында Аққайың ауданындағы Тоқшын ауылының бұрылысына жақын жерде түнде болған

.
Астық тасымалдайтын тіркемесі бар «МАЗ» автокөлігін тізгіндеген Петропавл қаласының 69 жастағы тұрғыны кенеттен жол бойына шыққан 7 бұзауды қағып кетті.Полицейлер мал иесін тапты, ол Қызылжар ауданының 57 жастағы тұрғыны екен. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы бойынша хаттама толтырылды.

-Облыс тұрғындарынан малды бақылаусыз қалдырмауды сұраймыз. Бейсауат жайылып жүрген жануарлар жолға шығып кетіп, апатқа ұшыратуы мүмкін. Бұған қоса қараусыз малға ұрылар да қызығатынын ескеріңіздер. Облыста еркін жайылымға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 3008 рет иесіз малды малды арнайы орындарға жеткізді. Облыста осындай арнайы 230 орын бар. Бұдан бөлек, облыс жолдарында жануарлардың макеттері орнатылды,- деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге түнде, жаңбырда, әсіресе жүк тиелген көлікті басқарған кезде аса сақ болу қажетін ескертеді. Елді мекендерге жақын жерлерде, орманға жақын жолдарда жылдамдықты азайтып, жол белгілеріне назар аудару қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz