23 жастағы петропавлдық есірткі сатқаны үшін 10 жылға сотталды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдың 23 жастағы тұрғыны алдағы он жылын қауіпсіздігі жоғары режімдегі колонияда өткізеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бір жыл бұрын Петропавл тұрғынының есірткі таратуға қатысы болуы мүмкін деген ақпарат түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл мәлімет расталды.Жігіттің тұрғылықты жерінен қауіпті заттардың түр-түрі, соның ішінде 30 грамнан астам мефедрон мен a-PVP синтетикалық есірткісі табылды.

Ол көрсеткен «жасырын» орындардан полицейлер MDMA таблеткаларын немесе «экстази» атауымен белгілі метамфетаминді тәркіледі.Ұсталған азамат тергеу кезінде және сотта өзінің кінәсін мойындамай, есірткіні жеке пайдалану мақсатында сақтағанына сендірмекші болды. Өзінің айтуынша, ол есірткі жарнамалайтын сайтты бұзып, біреулердің жасырын жерге тастап кеткен нашаны алған. Алайда, нақты дәлел келтіре алмады.

– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 297-бабы 3-бөлігіне сай есірткі сатушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Соңғы жылдары жастар оңай ақша таппақшы болып, заңды бұзады. Жыл басынан облыста есірткі сатуға қатысты 16 үкім шығарылды, оның 9-ы – 19 бен 25 аралығындағы жастар, — дейді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz