Петропавлда күйеуін өлтірген келіншекке сот үкімі шықты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін күйеуін пышақтап өлтірген әйел сотталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында күйеуін пышақтап өлтірген әйелге қатысты іс қаралып, үкім шықты. Сот отырысы жабық жабық режімде өтті. Петропавл қалалық полиция басқармасында жұмыс істеген 32 жастағы тәртіп сақшысының мәйіті Береке шағын ауданындағы өз пәтерінен табылған еді. Марқұм кеуде тұсына сұғылған пышақ жарақатынан көз жұмған. Күдікті ретінде ер адамның әйелі ұсталып, қамауға алынды.

СҚО соты баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыс 25 мамыр күні сағат 02:30 шамасында жасалды. Отбасылық жанжал кезінде әйелі күйеуіне пышақ сұғып алған. Оған ерінің көзіне шөп салуы себеп болған екен. Алған жарақаттан ер адам сол жерде көз жұмды. Әйелдің кінәсін куәгерлер де, оқиға орнын көру және тиісті сараптама қорытындысы да растады.

Қорғаушылар Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөліміне сай жазаны барынша жеңілдетуді сұрады. Жазаны жеңілдетуге әйелдің істеген ісіне шын өкініп, кінәсін мойындауы және кішкентай екі баласының болуы себеп болды.Нәтижесінде сот бәрін ескере келе әйелді бап бойынша қолданылатын ең төменгі жазаны тағайындады. Ол алдағы 8 жылын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өткізеді.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz