СҚО-да мал ауруларына қарсы екпе жұмыстары жүргізілуде

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Облыс аумағында лейкоз, туберкулез, сібір жарасы мен бруцеллез және өзге де мал ауруларына қарсы қан алу және екпе салу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Малдың ауруын анықтау үшін әуелі қан алынып, оның нәтижесі 3 күннен кейін белгілі болады. Сараптама қорытындысы ойдағыдай болса, вакцина қойылады. Белгілі бір кесел түрі анықталса мал қасапханаға жіберіледі. Төрт түліктен бөлек, құсқа да қанаттылардың тұмауына қарсы иммундау шарасы жүріп жатыр.

– Биылғы жылы 40 мыңнан астам ірі қара мал, 30 мыңға жуық қой мен ешкі, 10 мың жылқы, 24 мың шошқа, 135 мың құсқа екпе егу жұмыстары жүргізіледі. Иммундауға ветеринарлық станцияның 37 мал дәрігері қатысады. Аталған жұмыстар ауданымыздың 69 елді мекенінде, 47 шаруа және фермер қожалықтарында жүргізіп жатыр, — дейді Қызылжар ауданының ветеринарлық станциясының директоры Ербол Багенов.

Жалпы облыс бойынша биыл 1 жарым млн.-нан астам жануарға екпе қойылу жоспарланып отыр. Малға арналған күзгі екпе жұмыстары қазан айының соңында аяқталады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz