Петропавлда газон оратын машинадан жарақат алған үш жасар қыз құтқарылды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері шөп шабатын құрылғыдан зардап шеккен үш жасар қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 5 қыркүйек күні кешке СҚО ауылдарының бірінде орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ағасы шөп шабуға арналған құралмен ойнаймын деп қасында отырған қарындасын байқамай, қыздың асқазан құрылысына зақым келтірген. Бала бірден алдымен ауылдық амбулаторияға, содан кейін Явленка орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Балалар хирургиясы меңгерушісінің міндетін атқарушы Олег Новицкийдің жедел тобынан құралған реаниматолог Вадим Иванов пен анестезиолог Әсия Ералина оқиға орнына келіп, бірден операцияға кірісті.

— Жалпы, мұндай жағдайлар сирек кездеседі. Менің дәрігерлік қызметімдегі орын алған бұл бірінші жағдай. Баланың жағдайы өте ауыр болды. Ішкі ағзалары қатты зақымданған. Қуанышымызға орай, Есіл аудандық орталық аурухананың дәрігерлері біздің бригада келгенге дейін барлық алғашқы қажетті медициналық көмекті көрсетіп үлгерді. Бірлескен күш-жігердің арқасында сәтті ота жүргізіп, барлық органдардың тұтастығын қалпына келтіре алдық, — деді Олег Новицкий.

Бүгінгі таңда үш жасар қыз облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алып жатқандығын айта кеткен жөн.

—Операциядан кейін екі күн өтті. Ол емдеу диагностикасының хаттамасына сәйкес барлық қажетті көмекті алады. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы ауыр. Біз ана мен бала ұлттық орталығымен бірқатар консультация алдық. Өте күрделі зақым мен күрделі операцияны ескере отырып, бала аталған орталықтың жіті назарында болуы керек,- деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрлан Айманов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz