СҚО-да 1,5 млн. теңгенің астығы ұрланды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері астық ұрлығының жолын кесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

«Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңбері аясында жергілікті маңызы бар жолдарда астық тасымалдайтын жүк көліктерін тексеретін мобильді топ құрылды. Топ құрамында – криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, патрульдік полицейлер бар.

30 тамызда Есіл ауданында мобильді топтың бірі орманға қарай бағытталған жолда «КамАЗ»-дың ізін байқаған. Ізге түскен тәртіп сақшылары ағаш арасына төгілген астықты тауып алады. Шақыру бойынша келген жедел-тергеу тобы ұрлыққа кәсіпорынның 39 жастағы жұмысшысының қатысы барын анықтады.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Оқиға орнынан бағасы 1,4 миллион теңгеден астам 12 тонна 260 килограмм бидай тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

– Астық иелері қабылдаған қауіпсіздік шаралары қылмысты жедел ашуға ықпал етті. Алқаптағы астық пен астық сақтайтын токтардағы қатаң есептен басқа, кәсіпорын күзетпен қамтамасыз етілгенін, сигнализация және бейнебақылаумен жабдықталғанын атап өткен жөн. Бір айта кететіні, ауылда кәсіпкер қоғамдық орындарға 5 камера орнатылған, ал ол болса учаскелік полиция пунктіне қосылған,- дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Есләмбеков.

Облыс бойынша полиция қызметкерлері ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге өз объектілерінің техникалық нығайтылуын қамтамасыз етуге, қауіпсіздік жүйелерін жетілдіруге кеңес береді. Бұл ұрлықтың алдын алуға және жедел ашуға септігін тигізетіні сөзсіз.

Фото: CҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz