398
Шымкент қаласында жазғы Сурдлимпиадалық спорт ойындарының спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Есту қабілеті нашар кәсіби спортшылардың сайысы, елімізде осымен үшінші рет жалауын көтерді. Солтүстікқазақстандық спортшылар аталған бәсекеде спорттың 6 түрі бойынша бақ сынады. СҚО құрамасының сапында 40-тан астам спортшы бар. Олар жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болып, 6 алтын, 9 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.