Солтүстікқазақстандық ғалым грантқа ие болды

Авторы: Qyzyljar News

Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» бағыты бойынша гранттық қаржыландыруға арналған байқаудың қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Ыбыраева аталмыш грантқа ие болды. «XX ғасыр басындағы Солтүстік Қазақстан: Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі және рухани мұрасы» тақырыбындағы ғылыми жобаны қаржыландыру сомасы – 58 702 000 теңге.

Ақмарал Ғосманқызы бүгінде рухани жаңғыру, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау сынды тақырыптарды зерттеп жүр. Ғалым ел тарихының өзекті мәселелерін, өңіріміздің тарихын, өлкетану саласын саралау бағытына да зор үлес қосып, қоғамдық өмірге белсенді араласады. Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметін, баға жетпес мұрасын іздеуде кенже қалған тұстар көп. Ақмарал Ыбыраева осы мәселені зерттеуді қолға алып, бір топ жергілікті ғалымды, әсіресе жастарды жанына шоғырландыра білді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz