СҚО-да балалардың қатысуымен 26 жол -көлік оқиғасы тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да 8 айда балалардың қатысуымен 26 жол — көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 1 бала қаза тауып, 30 бала жарақат алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті ЖПҚБ бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, оқу жылының басталуымен, қала көшелерінде таңғы және кешкі «қарбалас сағаттарда» автокөліктер мен жаяу жүргіншілер саны артады.

– Жол -көлік оқиғасын алдын алу басты назарда. Ата-аналарға балаларына жолдағы барлық ережелерді қатаң сақтау қажеттілігі туралы ескертуді сұраймыз,- дейді Айдын Байматов.

Жалпы «Назар аударыңыз-балалар!» атты іс-шарасының екінші кезеңі басталғаннан бастап, солтүстікқазақстандық полицейлер 1680-нен астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісін анықтады. Оның ішінде: балаларды ұстап тұратын құрылғысыз тасымалдаудың 15 фактісі, жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзудың 54 фактісі және жаяу жүргіншілер тарапынан бұзушылықтардың 192 фактісі тіркелді. Аталған айлық 12 қыркүйекте аяқталса да, жол-көлік апаттарының алдын алу бойынша күнделікті жұмыстар жалғасатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz