СҚО-дан 600 жасты әскер қатарына шақырту жоспарлануда, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мамандардың айтуынша әскерге шақырушыларды табуда біраз қиындықтар туындайды. Жүздеген жас борышын өтеуден жалтарып жүр. Кейбіреулеріне іздеу салуға тура келген. Көбі тіркелген мекен жайында тұрмайды. Осының салдарынан былтыр жоспар бойынша аттануы тиіс 130 шақты адам әскерге бармады.
-Негізгі міндетіміз көктемгі әскерге шақырту науқанының қорытындысын шығаруымыз керек. Жоспар бойынша әскерге алынуы тиіс жастардың көбі барған жоқ. Күзде бұл жағдай қайталанбауы тиіс. Ең көбі Солтүстік Қазақстан облысында, жоспар орындалған жоқ, — деді Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының департамент бастығы Қанатбек Мұсаев.
Фото: ашық дереккөздерден.