14 қыркүйекте СҚО-ға «CLAAS» және «HORSCH» компанияларының басшылары келеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Айыртау ауданында болып, жергілікті шаруашылық басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Айыртау ауданында өңір басшысы «Баянтай» ЖШС егістік алқабында болды. Шаруашылық биыл 9700 гектарға  дәнді және майлы дақылдар еккен. Мұнда бидайдың орташа шығымы гектарынан 24 центнерден айналуда. Серіктестіктің алқаптары  Саумалкөл, Воскресеновка, Лавровка ауылдарының маңында орналасқан.  Шаруашылық жаңа метеостанцияның арқасында  ылғал мен ыстықты, булану  деңгейін бақылап отырады. Бұған қоса заманауи техниканы пайдаланып, жақсы жетістіктерге қол жеткізуде.

Шаруашылық жұмысымен танысқан өңір басшысы, жуырда «CLAAS» компаниясының басшысы Катарина Клаас келетінін жеткізді.

— 14 қыркүйек күні Катарина Клаас пен «HORSCH» компаниясының иесі келеді.   Біз техниканы құрастыру жайлы кездесулер өткіземіз. Былтыр 90 техника құрастырылса, биыл 300-і дайын. Осы қарқынды тоқтатпайтынына сенімдімін, — деді Құмар Ақсақалов.

Фото: ашық дереккөздерден.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz