Польшада өткен әйелдер арасындағы бокс турниріне Қазақстаннан 17 спортшы қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, қазақстандық спортшы қыздар жақсы нәтиже көрсетті. Жерлестеріміз ел қоржынына 11 медаль салды.
Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай мен Карина Ибрагимова алтын медаль еншіледі. Ал Валентина Хальзова күміс жүлдеге ие болды. Балауса Муздиман, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Сәния Сұлтанқызы, Гүлсая Ержан және Мәдина Нұрашева қола жүлдені қанжығасына байлады.
Фото: ҰОК.