«Медициналық пойыздың» дәрігерлері СҚО-да жиі кездесетін аурулардың түрін анықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Таңертеңнен бастап СҚО-да орналасқан Дәуіт ауылының  тұрғындары теміржол станциясына жиналады. Мұнда «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келіп,   еліміздің жеке клиникаларында жұмыс істейтін жоғары білікті дәрігерлер   Қазақстанның шалғай ауылдарының тұрғындарын қабылдауда, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Пойызда терапевт, акушер-гинеколог, педиатр, кардиолог, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог сияқты мамандар қабылдау жүргізеді. СҚО-да пойыздың жұмысы кезінде барлығы алты станцияның тұрғындары тексерілді. 3108 адам алғашқы медициналық және консультациялық көмек  алды,оның ішінде 402 бала бар.  Жалпы, 17 337-ден астам келушілер тіркелген.

Дәрігерлердің айтуынша, СҚО тұрғындарында ұйқы безінің аурулары, пульпа және периапикальді тіндердің аурулары, бүйрек және несеп жолдарындағы  тастар, созылмалы обструктивті пиелонефрит, тұзды диатез жиі кездеседі. Бұл ретте, ішкі статистикаға сәйкес, «Саламатты Қазақстан» пойызының ең сұранысқа ие мамандары деп — хирург, лор, офтальмолог және стоматологтарды  атауға болады. Акушер-гинеколог Гүлмира Бердәлі екі айдан астам уақыт бойы медициналық пойызда қабылдау жүргізіп келеді, осы уақыт ішінде ол үш облыстағы шалғай ауылдардың тұрғындарына көмек көрсетті.

— Өкінішке қарай, ауылдарда тұратын әйелдер бос уақытының болмауына  байланысты гинекологтарға сирек барады. Маған 15-20 жыл бойы  дәрігерге қаралмаған  пациенттер келді, ал гинекологиялық тексеру жылына кемінде бір рет жүргізілуі керек. Біз оларды тексереміз, ауруларын  анықтаймыз, кейбіреуіне емді өзіміз тағайындаймыз немесе   облыстық клиникаларға қосымша консультацияға жібереміз,- дейді дәрігер.

«Медициналық пойыз» жобасы   2010 жылы іске қосылып,  2019 жылға дейін жыл сайын үздіксіз жұмыс істеді.  Пандемия бәсеңдегесін мамандар өз жұмысын қайта  бастады.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz