СҚО-да мал ұрлаған көкшетаулық 8 жылға сотталды

Авторы: Сағындық МАУҒАЗИН

  СҚО-да әккі ұры  8 жылға бас бостандығынан айырылды,  деп хабарлайды   Qyzyljarnews.kz тілшісі.  

Солтүстік Қазақстанда мал ұрлығы  айтарлықтай азайды.  8 айдың ішінде 11  қылмыс тіркелді, өткен жылдың ұқсас кезеңінімен салыстырғанда 52,2%-ға төмендеген.  Полицейлердің айтуынша, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру   жазасы – қаскөйлерді тежейтін маңызды фактор. Мәселен, СҚО-да бірнеше рет мал ұрлаған Ақмола облысының екі тұрғыны сотталды. Қылмыс 2021 жылы жазда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жасалған. СҚО Тайынша ауданының тергеушілері     39 жастағы көкшетаулықтың 4 қылмысқа қатысын анықтады. Щучинск қаласында тұратын   сыбайласы 3 қылмыс бойынша күдікке ілінген. Олар ұрланған қой мен бұзауларды көкшетаулықтың «Nissan Primera»  автокөлігімен әкеткен.

– Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған Щучинск тұрғыны 5 жылға сотталды.  Олар қора-қопсының қақпасын   бұзып кіріп те өрістегі малды байлаулы тұрған жерінен де әкетіп отырған. Мал ұрлығы көп жағдайда   қараусыз  жүруінен орын алып жатады. Полиция қызметкерлері халықпен кездесу кезінде, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы мал иелерін өз мүліктеріне сақ болуға, бақташы мен жергілікті атқарушы органдармен үш жақты келісім жасауға шақыруда, – деп хабарлады СҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz