Ұлттық статистика бюросының облыстық департаменті 2021 жылғы халық санағының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Статистикаға сүйенсек, өткен жылы аймақта 540 786 адам тіркелген. 2009 жылғы санақпен салыстырғанда 55,8 мыңға немесе 9,3% — ға азайды. Бұл ретте қала халқы 238,8 мыңнан 259,5 мың адамға дейін өсті және санақ қорытындысы бойынша өңір тұрғындарының 48% — ын құрады. Осы жылдар ішінде ауыл халқының үлесі тиісінше 60% — дан 52% — ға дейін төмендеді.
— СҚО-да ер адамдарға қарағанда әйелдер көп. Санақ қорытындысы бойынша ерлердің 48,3%-ды, әйелдердің үлесі-51,7% құрады, — деп хабарлады департаментте.
Биылғы жылдың деректері бойынша облыс бойынша бірінші шілдеде 534 мың адам тіркелді. Оның ішінде — 252,1 мыңы қалада, 281,9 мыңы ауылда тұрады.
Фото: pexels.