Бүгін елорданың Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Съездің басты тақырыбы — «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі».
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөз сөйледі. Съезде делегация басшылары да баяндама жасайды. Съезд шеңберінде форум форматына енгізілген бірқатар өзекті тақырыптар талқыланады деп жоспарлануда.