СҚО-да азық-түлік бағасы бір жылда 20% — ға қымбаттаған

Авторы: Qyzyljar News

Ұлттық статистика бюросы департаменті сегіз айдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейін есептеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, өңірде инфляция 16,3% — ды құрап, азық-түлік тауарларының бағасы 2021 жылдың тамызымен салыстырғанда 21,6% – ға, азық – түлік емес тауарларға-15,7% — ға, ақылы қызметтерге -9,6% — ға өскен.

Бір жылдың ішінде қант құны 85,7% – ға, ұн – 42% – ға, жарма – 35,8% – ға, нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 33% — ға, макарон өнімдері-30% — ға, сүт өнімдері-22% — ға, алкогольсіз сусындар-21% — ға қымбаттады. Жемістер мен жаңа піскен көкөністер бағасының өсуі сәйкесінше шамамен 29% және 23% құрады.
Тұрмыстық аспаптардың, жуу және тазалау құралдарының құны шамамен 21% — ға өссе, жөндеуге арналған материалдар 17% – ға, киім мен аяқ киім 12% — ға, фармаевтикалық өнімнің құны 9% — ға қымбаттаған.
Сондай-ақ шаштараз қызметі 20% — ға қымбаттаса, тұрғын үйді жалға алу бағасы да 20% — ға өскен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz